$499.22 €519.14 ₽5.64
×

Қазақстанда 4 мыңға жуық дәрігер тапшы: қай мамандарға сұраныс жоғары?

AstanaTV
28.02.2025ж. 22:37
82
Қазақстанда 4 мыңға жуық дәрігер тапшы: қай мамандарға сұраныс жоғары?
Фото: istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің ауруханалары мен емханаларында дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығы азайғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәрігер тапшылығының деңгейі 2024 жылы 19%-ға, яғни 4864-тен 3954-ке, орта буын медицина кадрларының тапшылығы 7%-ға, яғни 4505 адамға дейін қысқарды.

«Ең көп тапшы мамандар тізімінде терапевтер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар, хирургтер мен педиатрлар бар. Денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін шоғырландыру мақсатында ауылдық елді мекендерді әлеуметтік қолдау шаралары заңнамалық деңгейде қабылданды. Бүгінгі таңда 207 медицина қызметкеріне аса тапшы мамандықтар бойынша біржолғы төлем жасалды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін тиісті басқарма мың орынға шаққанда жоғары мамандандырылған қызметкерлерді дайындау квотасын 2500-ге дейін ұлғайтты.