$499.22 €519.14 ₽5.64
×

Ақтөбеде шахтада апат болды

28.02.2025ж. 20:00
91
Ақтөбеде шахтада апат болды

Ақтөбенің Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатында апат болды. "Болашақ" шахтасында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде ауа ортасының қысқа мерзімді тұтануынан төрт жұмысшы күйіп қалды. Оқиға болған кезде шахтада 228 қызметкер болған, барлығы шығарылды. Шахтаның жұмысы уақытша тоқтады.

БАУЫРЖАН АСАУП, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Дөң- кен байыту комбинаты сутегі шашылу салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілді. Тау кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция қылмыстық істі тіркеді.

ЛЮДМИЛА ВОЛНЕНКО, ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екі зардап шеккен адам травматология бөліміне жатқызылды.Бір науқас үйіне жіберілді. Тағы біреуі жаңсақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр. Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.