"Қазгидромет" 1, 2 және 3 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Синоптиктердің болжамы бойынша, демалыс күндері батыс аймақтарға циклон әсер етіп, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауып, боран соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады.
2 наурызда республиканың солтүстік-батысында қар жауады, 2-3 наурызда оңтүстікте, 3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын жауады. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Ауа температурасы:
Батыс, солтүстік-батыс, солтүстікте түнде -8...-23°C;
Шығыста, орталықта түнде -10...-26°C;
Оңтүстікте түнде -2...-15°C;
Оңтүстік-шығыста түнде -3...-10°C, таулы аймақтарда -12...-20°C.