$499.22 €519.14 ₽5.64
×

Қызылордалық оқушы ауа тазартқыш құрылғы ойлап тапты

AstanaTV
01.03.2025ж. 08:34
49
Қызылордалық оқушы ауа тазартқыш құрылғы ойлап тапты

Қызылордалық оқушы ауаның ластану деңгейін анықтайтын және тазартатын арзан құрылғы ойлап тапты. Құны 60 доллардан аспайтын бұл аппарат бір тәулікте 60 текше метр көлемді залалсыздандыра алады екен.

11-сынып оқушысы Еламан Мырзаханның айтуынша, ауа құрамында 2 жарым микрометрден аспайтын өте ұсақ қатты бөлшектер болады. Олардың саны тиісті көлемнен асып кетсе, адамның тыныс алу ағзасына теріс әсер етеді. Содан түрлі айықпас аурулар туындайды.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын әлемде 6,7 миллион адам лас ауаның салдарынан көз жұмады. Ауадағы өте ұсақ заттардың мөлшерін анықтайтын және автоматты түрде тазартатын құрылғы ойлап табуға осы мәселелер түрткі болды»,-дейді өнертапқыш.

Еламанның бұл өнертабысы жуырда республикалық ғылыми жобалар байқауында бас жүлдені жеңіп алған.

Еламан Мырзахан, оқушы: - Интернет арқылы PM 2,5 бөлшектері дитекторының ақпаратын өзіне қабылдайды, ол да Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сәйкес өзінің жұмысын атқара бастайды. Егер ауа тым лас болып басталса, оның түсі жасылдан сарыға, сарыдан қызылға өзгеріп, өзінің ішіндегі суды буға айналдырып, ауаны тазарта бастайды.

Әділжан Науан, жоба жетекшісі: - Қазір автокөліктердің саны көбейді, олардан бөлінетін қалдықтардың саны да артып жатыр. Соған байланысты үй жағдайында үйдің ішкі ауасын өзгерту, тазарту адамдардың денсаулығын сақтауға кішкене болсын септігін тигізеді деген сенімдеміз. Бұл үлкен қалаларға әсересе маңызды. Себебі ол кісілерде газдану көп.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.