$499.22 €519.14 ₽5.64
×

Түркістан облысында оқушы көз жұмды

AstanaTV
01.03.2025ж. 11:45
46
Түркістан облысында оқушы көз жұмды
Сурет: istockphoto.com

Бәйдібек ауданында 10-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады «Отырар» телеарнасы.

Әзірге оның мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз. Қазір қайғылы жағдайдың толық мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиғаға байланысты ҚК 105-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс облыс прокуратурасының бақылауында.