Әнші Сәкен Майғазиев пен Мадина Сәдуақасованың түсірген видеосы қызу талқыға түсті, – деп жазды Aikyn.kz.
Видеоны Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында жариялаған.
«Өзім киіндіремін», - дейді Сәкен Майғазиев видеода.
Ал Мейрамбек Бесбаевтың «Бір қолы менікі, бір қолы сенікі» дегенін де естуге болады.
Желі қолданушылары олардың бұл әрекетін бірі әзіл деп түсінсе, енді бірі ерсі екенін айтқан.
«Түсінеміз, құрдас шығар, бірақ қатты кетпеу керек», «Дап-дардай әйел, ұялмай ма?», «Ер адам мен әйел адам доспыз дегенге сенбеймін», «Түк ерсі емес. Әзілдесіп ойнап-күліп жүргенге не жетсін», «Керемет, көз тимесін», «Әзілдері жарасып тұр, әп-әдемі», - деп жазды желі қолданушылары.