$499.11 €521.12 ₽5.58
×

4 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны ата-ана құқығынан айырылды

AstanaTV
01.03.2025ж. 16:33
116
4 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны ата-ана құқығынан айырылды
Фото: istockphoto.com

Астанада сот баласына қамқорлық көрсетпеген және материалдық қамтамасыз етпеген ер адамды ата-ана құқығынан айырды. Оның 4 миллион теңгеден астам алимент қарызы бар.

Ювеналды соттың мәліметінше, ер адам ресми түрде жұмыс істемеген, 20 жылдан бері құмар ойынға тәуелді, сондай-ақ ұлының өміріне араласу ниеті жоқ екенін мойындаған.

Сот психологының зерттеуіне сәйкес, бала да әкесімен қарым-қатынас орнатуға құлықсыз екенін білдірген.

Сот шешімі бойынша, ер адам ата-ана құқығынан айырылғанымен, алимент төлеу міндетінен босатылмайды. Ол бұрынғыдай қаржылық жауапкершілігін орындауға тиіс. Шешім заңды күшіне енді.