$499.22 €519.14 ₽5.64
×

+20 градус: алдағы күндерге ауа райы болжамы

AstanaTV
01.03.2025ж. 19:38
151
+20 градус: алдағы күндерге ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктердің мәліметінше, наурыз айында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дегенмен, алғашқы онкүндікте еліміздің барлық өңірінде күн жылып, оңтүстік аймақтарда температура +20 градусқа дейін көтеріледі.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты мөлшерден көп түседі, әсіресе оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде нормадан асып түсуі мүмкін.

Синоптиктер наурыздың алғашқы онкүндігінде ауа температурасының жоғарылайтынын, алайда артынша күннің күрт суыту қаупі бар екенін ескертеді.

Екінші онкүндікте:

Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы -10...-15°С-тан -5...+3°С-қа дейін, күндіз -2...-13°С-тан +2...+10°С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстік аймақтарда түнде -5...+5°С-тан +2...+10°С-қа дейін, күндіз +3...+8°С-тан +10...+20°С-қа дейін жылы болады.