$499.22 €519.14 ₽5.64
×

Наурыз айындағы ҰБТ басталды

AstanaTV
01.03.2025ж. 20:04
151
Наурыз айындағы ҰБТ басталды
Фото: pixabay

Қазақстанда наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 6 сәуірге дейін жалғасады. Биыл тестілеуге қатысу үшін 163 мыңға жуық адам өтініш берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

ҰБТ-ға өтініш бергендердің 76%-ы тестті қазақ тілінде, 23,9%-ы орыс тілінде, 162 адам ағылшын тіліндетапсыруды таңдаған.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, алғашқы күні 775 талапкер сынақ тапсырды.

Талапкерлер арасында ең танымал пәндік комбинациялар:

«Биология-Химия» – 17,5% (медицина, педагогика және ауыл шаруашылығы мамандықтарына түсу үшін);

«Математика-Физика» – 17,1%(инженерлік мамандықтарға бағытталған);

 «Математика-Информатика» – 10,5%(ақпараттық технологиялар және IT мамандықтары үшін).