$499.22 €519.14 ₽5.64
×

Композитор Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

AstanaTV
01.03.2025ж. 21:41
164
Композитор Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды
Фото: Adyrna.kz Telegram

Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының өліміне қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

2024 жылдың 7 қазанында Абылай Арманұлының денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйде табылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлім себебі – механикалық асфиксия.

Orda.kz-тің мәліметінше, марқұм қазасынан бір күн бұрын анасымен байланысқа шықпаған. Осыдан кейін оның анасына ұлының досы хабарласып, 95 млн теңге қарызы бар екенін және оны 5 күн ішінде қайтару қажеттігін айтқан.

БАҚ анасы ұлының пәтеріне барып, оны қолдары байлаулы, асылып тұрған күйінде тапқанын жазды.

Тергеу барысында үш бірдей сараптама жүргізіліп, барлығы жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағанын растаған.

Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жалғасуда.