Ташкент қаласындағы Мырза-Ұлықбекке ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің соңғы қабатында жарылыс болды, деп хабарлайды Gazeta.uz.
Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, жарылыс "Қарасу-4" тұрғын ауданындағы тоғыз қабатты үйде болған. Қоңырау жергілікті құтқару қызметіне 15:23-те түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция, прокуратура қызметкерлері мен медицина мамандары шұғыл жетті. Өрт 16:07-де толық сөндірілді.
Алты адам құтқарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Олардың ішінде екі бала болған.
Жергілікті билік жарылыстан бірнеше адамның зардап шеккенін мәлімдеді. Бір бала ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Ал екінші бала дәрігерлердің бақылауында.
Алдын ала болжам бойынша, жарылысты тұрғындардың бірі қасақана ұйымдастырған.
Ол газды ашып, кейіннен өзін-өзі өлтіру мақсатында терезеден секірген. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.