Ақорданың баспасөз қызметі Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалғанын жеткізді.
Келтірілген ақпаратқа сәйкес, Ұлттық құрылтайдың жұмысына қоғам өкілдері тартылды:
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Дағдарыс орталықтарының одағы" ЗТБ төрайымы Зүлфия Байсақова,
Мәжіліс депутаты, "Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы" ҚБ төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Әлтай,
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев,
қаржыгер, NAC Analytica төрағасы Расул Рысмамбетов;
Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Дания Қыдырбаева.
Ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Т. Керімқұлов, А. Ерниязова, Н. Қоянбаев, С. Досжанова шықты.