$499.74 €525.23 ₽5.6
×

Семейде жол жиегінде қараусыз жүрген бес жасар қыз табылды

AstanaTV
02.03.2025ж. 15:10
114
Семейде жол жиегінде қараусыз жүрген бес жасар қыз табылды

Семейде жол жиегінде қараусыз жүрген бес жасар қызды байқап қалған ер адам оны полиция бөлімшесіне жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түскі уақыт шамасында модульдік полиция бекетіне ер адам кішкентай қызды ертіп келген. Оның айтуынша, қыз бала ересектердің қарауынсыз жүргіншілер жолағында жүрген. Ер адам қауіпті жағдайды түсініп, оны бірден полицияға әкелген.

Тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, баланың анасын анықтады. Қазіргі таңда қыздың жалғыз қалып, жол жиегінде жүрген себебі анықталып жатыр.