Ташкент облысы Янгийул қаласындағы ауданаралық перинаталдық орталықта салмағы 7 келі 3 грамм қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы KAZINFORM жазды.
Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Анасы кесар тілігі арқылы босанған, бұл – оның төртінші баласы.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір ана мен бала дәрігерлердің бақылауында.