$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Ташкентте салмағы 7 келіден асатын қыз бала дүниеге келді

AstanaTV
02.03.2025ж. 20:11
222
Ташкентте салмағы 7 келіден асатын қыз бала дүниеге келді

Ташкент облысы Янгийул қаласындағы ауданаралық перинаталдық орталықта салмағы 7 келі 3 грамм қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы KAZINFORM  жазды.

Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Анасы кесар тілігі арқылы босанған, бұл – оның төртінші баласы.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір ана мен бала дәрігерлердің бақылауында.