Астаналық құтқарушылар үш жасар бүлдіршінге көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балақайдың анасының айтуынша, ол дәлізге шыққан кезде пәтердің есігі жабылып қалып, ал үйде кішкентай қызы қалып қойған. Келіншек құтқарушылардан көмек сұраған. Оқиға Тұран даңғылының бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен құтқарушылар альпинистік жабдықтардың көмегімен 9-шы қабаттан 5-ші қабатқа түсіп, терезе арқылы пәтерге кірген. Осылайша пәтер есігін іштен ашып берді. Өз кезігінде бүлдіршіннің анасы төтеншеліктерге алғысын білдірді.