$538.54 €628.31 ₽6.7
×

СҚО-да жолаушылар мінген пойызда өрт шықты

AstanaTV
02.03.2025ж. 23:42
СҚО-да жолаушылар мінген пойызда өрт шықты

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында жолаушылар пойызында өрт шықты. Оқиға Қандратовка станциясында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, «Петухово РФ - Петропавл» бағытындағы жолаушылар электр пойызының доңғалақ қозғалтқышы жанып, вагно астында түтін пайда болған. Жедел әрекеттердің арқасында түтін вагондарға таралмады.

Өрт сөндірушілер оттың одан әрі таралуына жол бермей, рельстердің астындағы доңғалақ жағына 1 су оқпанын жылдам берді. 

Пойызда 35 адам болған, жолаушыларды эвакуациялаудың қажеттілігі болмаған. Себебі өрт қысқа мерзімде сөндіріліп, қозғалтқышты салқындату жұмыстары жүргізілуде.