$520.48 €574.61 ₽6.06
×

Иранның экономика министріне импичмент жарияланды

AstanaTV
03.03.2025ж. 08:41
141
Иранның экономика министріне импичмент жарияланды

 Иран парламенті экономика және қаржы министрі Абдолнасер Хемматиге импичмент жариялау мәселесін талқылауға шығарды, деп хабарлайды KAZINFORM IRNA агенттігіне сілтеме жасап. 

IRNA агенттігінің дерегінше, дауыс беру кезінде депутаттар министрге сенімсіздік танытты - мандат иелерінің 182-сі оны қызметінен босатуға дауыс берді, 89-ы қарсы дауыс берді, 1 дауыс жарамсыз деп танылды.

Бұған дейін Аргентина президентіне криптовалюта төңірегіндегі жанжалға байланысты импичмент жарияланып жатқаны хабарланған болатын.