$499.22 €519.14 ₽5.64
×

Маңғыстау облысында тұтас бір отбасының улану себебін анықтау үшін комиссия құрылды

AstanaTV
03.03.2025ж. 10:37
115
Маңғыстау облысында тұтас бір отбасының улану себебін анықтау үшін комиссия құрылды
фото: BAQ.KZ.

Маңғыстау облысында тұтас бір отбасының улану себебін анықтау үшін комиссия құрылды, деп хабарлайды 24kz. Оны облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады.

Қайғылы оқиға бүгін Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылында болды. Жеке үйде 7 адам, оның ішінде бес бала газдан уланып көз жұмды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің болжамы бойынша оқыс жағдайға газ жабдықтарын пайдалану ережелерінің бұзылуы себеп болған. Қаза тапқандар Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары екені анықталды.

«Қайтыс болған отбасының туыстарына көмек көрсетіліп, жерлеу рәсімі ұйымдастырылады», - деп хабарлады облыс әкімдігі.