$499.11 €521.12 ₽5.58
×

"Жалақысын алғаннан кейін жоғалып кеткен": Павлодар облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды

AstanaTV
03.03.2025ж. 14:37
102
"Жалақысын алғаннан кейін жоғалып кеткен": Павлодар облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды
Көрнекі фото: masamasa3 / Getty Images

Павлодар облысында бір айдан астам уақыт хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 12 қаңтарда Ақсу қаласының полициясына Май ауданында тұратын бауырын іздеп жүрген туыстары көмек сұрап жүгінген. Олардың айтуынша, ер адам жалақысын алғаннан кейін жоғалып кеткен. Полиция дереу жоғалған ауыл тұрғынын іздестіру шараларын ұйымдастырып, оны табу үшін облыстың жеке құрамын жұмылдырған. Іздеу шараларын жүргізу барысында 2 наурызда ер адам Май ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен табылған. Ол сол жерде жұмысқа орналасқан. Жақындарымен байланысқа шықпау себебі – телефонының болмауы. Қазіргі уақытта ер адам туыстарына тапсырылған.

"Полиция әрбір хабар-ошарсыз кеткен азаматты іздестіру шараларына мүмкіндігінше көп қызметкер, қосымша күштер, қоғам өкілдері мен еріктілер жұмылдырылатынын еске салады. Жоғалған адамдарды іздеу кезінде ең маңызды фактор – полицияға уақытында жүгіну, жоғалу уақыты, орны және оған дейінгі себептер туралы толық ақпарат беру. Мұндай жағдайларда барлық ақпарат маңызды болуы мүмкін. Жақындарыңыз бен туыстарыңыздың сезіміне бей-жай қарамауды, олармен байланыста болуды және өзіңіздің жүрген жеріңіз туралы хабарлап отыруды сұраймыз", - дейді полиция өкілдері.