Швеция үсік шалып қайтыс болатындардың санын азайта алмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азертадждың жазуынша, бұл елде кейінгі он жылда үсіп өлгендер саны екі есеге көбейген. Олардың көбі – алкоголь ішетіндер, нашақорлар мен деменцияға ұшыраған науқастар екен, одан басқа қоғамның осал топтарына жататын үй-күйсіз жүрген мигранттар да бар. 2022 жылы 99 адам суықтан көз жұмып, тарихта алғаш рет өлімнің ең жоғары жоғары деңгейін көрсеткен. 2024 жылғы деректер толық өңделмеген, бірақ алдын-ала есептеулер былтырғы жылдың бірінші жартысында 60 адам үсіп өлді деген дерек береді. Бұл 2023 жылғы кезеңмен салыстырғанда 6 адамға көп.
Үсік шалып қаза тапқандар қатарында жындыханадан қашып, қысқы суықта далада қалғандар бар. Сондықтан мамандар осал топтарды қорғау, жұртшылықты гипотермия қаупі туралы хабардар ету және әлеуметтік қолдауды арттыру бойынша шараларды күшейтуге шақырады.