$499.11 €521.12 ₽5.58
×

Семейде соққыға жығылған балаға қазақстандықтар пәтер алып берді

AstanaTV
03.03.2025ж. 16:00
245
Семейде соққыға жығылған балаға қазақстандықтар пәтер алып берді
Фото: Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан

Семей қаласында бірнеше жеткіншек жабылып сабаған 6-сынып оқушысына Қазақстан халқы ақша жинастырып, пәтер алып берді.

Семейлік блогер және волонтер Динара Садырбаева зардап шеккен балаға көмек көрсету үшін желі қолданушыларына оның әпкесінің банк картасына қаражат жинауды ұсынды. 

— Небәрі үш күннің ішінде қазақстандықтар 35 миллион теңге жинады. Осылайша, бұл ақшаға балаға қала орталығынан төрт бөлмелі пәтер сатып алынды. Бұған дейін олар отбасымен, нақты айтқанда әкесі, әжесі және тағы төрт аға-әпкесімен жалдамалы пәтерде тұрған. Тұрғын үй Әлинұрдың өз атына рәсімделген, — дейді Динара Садырбаева.

Өз сөзінде ол қолұшын созған жандарға алғыс айтып, ақша жинауды тоқтатуды сұрады. Себебі қажетті сома жиналып, тұрғын үй сатып алынып қойды.

Бұл туралы kaz.inform.kz жазды.