Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында шықты.
Аталған порталдың "Қылмыскерлерді іздеу" бөлімінде 1955 жылы туған Арғын Зайруллаұлы Нығматулиннің іздестіріліп жатқаны көрсетілген.
Ресми мәліметке сәйкес, іздеу ісі 2025 жылғы 3 наурызда ашылып, Астана қаласында тіркелген. Іздеу жұмыстарын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатыр, ал бастамашы орган – прокуратура.