Түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістан жаңа мәртебеге ие болды. Президент қаланың тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі заңға қол қойды.
АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
«Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» сөздерінің өзі-ақ Түркістан өңірінің киелі де қасиетті мекен болғанын сан ғасырдан бері айғақтап келе жатыр. Облыстағы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, көне Отырар, Сауран қалашықтары, Арыстан баб, Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас аудандарының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары талай саяхатшыларды тамсандырған мекендер.
Түркі әлемінің жүрегі, қазақ халқының рухани астанасы – киелі Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуы —тарихи әрі маңызды оқиға. Бұл өңірдегі ескерткіштерді қорғау, ұлттық қолөнерді дәріптеу, археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жандандыру бағытында үлкен мүмкіндіктер ашады. Сүйінші жаңалықты естіген түркістандықтар ерекше қуанышты.
БЛИЦ:
- Бұл енді Түркістанның мәртебесін асқақтатып, мерейін үстеп етеді деп ойлаймыз.
- Рухани Астана өзінің дәл осындай лайықты бір ағасын алды деп сенеміз.
- Қаламыз көркейіп, өсіп туристер келе берсін деп тілейміз.
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Осы заң аясында қаламыздың регламенті қайта бекітілетін болады. Қаламыздың дизайн коды бекітіледі. Одан бөлек қала құрылысы кеңесі қалай әкімдігінің жанынан құрылып. Әрбір нысанның фасады бойынша келісім жүргізілетін болады.
Облыстағы туризм саласы 4 бағыт бойынша дамып келеді.Олар тарихи-мәдени, экологиялық және емдік-сауықтыру. Жылына өңірге 1 млн-ға жуық турист келеді. Арнайы инвесторлар тарту арқылы бұл көрсеткішті 2 есе арттыру көзделіп отыр.
ТЕМІР ҚЫРЫҚБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
33 млрд-ға жуық проектілер қолданылып жатыр. Мынау қонақүйлер салынайын деп жатыр. Одан бөлек мынау мүгедек адамдардың жүретін жолдарының барлығына инфрақұрылымды жасау мақсатында көптеген мекемелр бар. Оларға кіріп шығуына мүмкіндік бермейтін, барлығына әкімшілік тарапынан комиссия құрылып жасататын болады.
Қаланың сәулет өнері толықтай орта ғасырдан сыр шертуі мақсатында арнайы ұлттық код енгізілмек.
АЛТЫНБЕК ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ, ТАРИХШЫ:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен биік ғимараттар салынбайды. Сол арқылы қалалда жаңа замануаи үлгідегі және орта ғасырлық кезеңді сипаттайтын қаланың үлгісі қалыптасады. Сәулетті ғимараттар, ескерткіштер, заманауи кітапхана, музей бой көтерсе де шығыстық орта ғасырлық сипатта салынады.
Ұлы Жібек жолы заманындағыдай Түркістан облысы халықаралық тауарлар жолы мен болашақта туристердің жолы түйіскен аумаққа айналады.
А. Кайрат