$499.74 €525.23 ₽5.6
×

Қызылжарда көзіне пышақ кірген бала қайтыс болды

AstanaTV
03.03.2025ж. 20:00
86
Қызылжарда көзіне пышақ кірген бала қайтыс болды

Қызылжарда көзіне пышақ кірген бала қайтыс болды. Екі ай бойы аурухананың жансақтау бөлімінде жатып, есін жимай, бақилық болды. Еске салайық, оқыс оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болды. Үйдің ас бөлмесінде балақай орындықтан құлаған кезде көзіне пышақ кіріп, жүзі миына дейін жеткен. Анасы суық қаруды алып шыққан соң, бала талып қалған көрінеді. Ізінше ауруханаға жеткізілген соң, дәрігерлер мидың үшінші бөлігі зақымдалғанын анықтады. Ақхалаттылар бірден оның жағдайы ауыр деп хабарлаған болатын. Ал бастапқыда … бабы бойынша іс қозғаған полицейлер енді істі басқа бап бойынша тергемек.

НҰРБЕК БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

2025 жылғы 28 ақпанда бүлдіршін қайтыс болды. Аталған факті бойынша «Абайсызда қазаға ұшырату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

А. Курманкин