Павлодарда күйеуі бұрынғы әйелі тұрып жатқан пәтердің есігін өртеп жіберді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал күйеуі бұны қалжыңдап жасағанын айтқан. 60-қа келген азаматтың қалжыңы шындыққа айналыпты. Сол үшін оның үстінен бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Сотта әйелі күйеуімен жанжалдасып қалып, ажырасып кеткенін айтқан. Кейін кешірім сұрау үшін сан мәрте қоңырау шалған. Бірақ, оның телефон қоңырауына жауап бермепті. Сол себепті ол пәтердің есігін өртеп, шошытпақ болғанға ұқсайды. Сотта жасаған ісіне өкінетіндігін жеткізді.
АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Павлодар қаласы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты іс материалдарын зерделеп, азамат Б-ны әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы 1 бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 78 640 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді.
О. Куанар