Былтыр елімізде 4,8 млн тонна қоқыс шығарылған. Оның 25 пайыздан астамы сұрыпталып, қайта өңделсе, қалғаны қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына көмілген. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Экологиялық кеңесте айтылды. Отырыста коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру тақырыбы талқыланды. Қазір елімізде 133 мың контейнер бар. Әлі де 60 мың қоқыс жәшігі жетіспейді. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарын контейнермен қамтамасыз ету жұмысы нашар жүргізілуде. Ал Абай облысы мен Шымкент қаласында қоқыс мүлдем сұрыпталмайды.Сондай-ақ үлкен қалаларға шамамен 900 қоқыс тасу техникасы қажет.
БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінгі күні жүйе жетілмеген. Қазір қоқысты жинаумен бір кәсіпорын айналысса, оны шығару бөлек компанияның мойнында. Ал қайта өңдеумен үшінші кәсіпорын айналысады. Қалдықтарды жинау, шығару және оны кәдеге жаратуда жүйелі жұмыс істеу үшін біз бір операторға көшуіміз керек.