$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Жастар арасында есірткіге қарсы күрес күшеймек

AstanaTV
03.03.2025ж. 20:00
330
Жастар арасында есірткіге қарсы күрес күшеймек

Алматыда АМАNАТ партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты мен Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу және оның зияны туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында стратегиялық әріптестік орнатты. Ынтымақтастық аясында тараптар бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға келісті. Оның ішінде жастарға есірткінің зияны туралы дәрістер мен семинарлар ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, волонтерлерді есірткіге қарсы күреске тарту, сондай-ақ «НаркоStop» және «Есірткісіз қоғам» жобаларын бірлесіп атқару көзделген.Жақын арада бірқатар жаңа жобалар жүзеге аспақ.

ДИДАРБЕК ДІЛДӘБЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Содан кейін осы уақытқа дейінгі іске асырылып келе жатқан жаңағы шаралардың форматын өзгертуге байланысты біраз ұсыныс білдірген болатынбыз+ бұл бірінші кездесу емес. Біз меморандумға отыру алдында да үлкен бір мәселелерді қарастырып, басшылықпен осы есірткіге қарсы іс қимыл басшылығымен үлкен бір жұмыстарды жоспарлаған болатынбыз.