$499.11 €521.12 ₽5.58
×

Алдағы күндері Жерде магниттік дауылдар болады

AstanaTV
03.03.2025ж. 21:19
99
Алдағы күндері Жерде магниттік дауылдар болады
Фото: meteoagent.com

5 наурызға қараған түні Жерде орташа деңгейдегі магниттік дауылдар болады деп болжанады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы мен Күн-жер физикасы институты мәлімдеді.

"Есептеулерге сәйкес, ең ықтимал сценарий (60%) – магниттік дауылдардың G1–G2 деңгейінде (әлсіз және орташа деңгей) болуы, олардың ұзақтығы 6-9 сағатты құрап, Мәскеу уақытымен 20:00–21:00 шамасында басталуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Ғалымдардың айтуынша, орташа көлемдегі плазмалық бұлт 4 наурызда Мәскеу уақыты бойынша шамамен 19:00-де Жерге жетеді, ал магнитосферадағы толқулар 5 наурыздың ортасына дейін жалғасуы мүмкін.

"Оқиға кешкі уақытта болғандықтан, сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні полярлық шұғыла пайда болу ықтималдығы едәуір жоғары", – деп хабарлады зертхана өкілдері.

Сондай-ақ, зертхана мамандары Күннің қазіргі жағдайы тұрақты екенін, жарқыл белсенділігі төмен деңгейде және оның арту белгілері байқалмайтынын атап өтті.