$499.11 €521.12 ₽5.58
×

"Дұғада болыңыздар!": Төреғали Төреәлінің әкесі мәлімдеме жасады

AstanaTV
04.03.2025ж. 11:24
80
"Дұғада болыңыздар!": Төреғали Төреәлінің әкесі мәлімдеме жасады
Фото: https://www.instagram.com/torealitolepov/

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің концертінің өтпеуіне байланысты әкесі мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің төрт қалаға жоспарланған концерті өтпей қалды.

“Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Қасиетті Рамазан айында ұстап жатқан оразаларыңыз қабыл болсын! Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісімшартқа отырып қоя алмайтыны мәлім. Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарланған концерттерді кейінге шегіндірдік. "Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады" деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым. Бұлттың артынан күн шығары анық қой, ауырмаңыздар",– деп жазды продюсер әке.