Елімізде тұрғын үй құрылысын дамытуға 500 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Astana TV.
Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев биыл елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары туралы баяндады.
Ол 2025 жылдың нысаналы көрсеткішіне қол жеткізу үшін 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру үшін «Бәйтерек» арқылы 500 млрд теңге қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталатынын атап өтті.
Атап айтқанда:
Отбасы Банкінің «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламалары бойынша 80 млрд теңге бөлінеді.