«Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында анасын ренжіткен кездері болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Анамды жүріс-тұрысыммен ренжіткен кездер болды. Анама қарсы шыққан жоқпын. Бірақ өтірік айтып, ренжіткен кездерім болды. Сол кезде анам «менің төрт балам бар, үшеуі үшін уайымдайтынмын, сен үшін уайымдамадым. Қазір 24 сағат сені ғана ойлаймын» деген еді», - деді ол.
Әнші 2020 жылы өз өмірінен өткен оқиға кезінде анасы қалай тоқтатқанын айтты.
«Еске түсіргім келмейтін сәттер еді. Жаман өмірге салынып, адасып жүрген кезім еді. Тура менің басымнан кешкен дүниені қазір көп жас өткізіп жатыр. Ол жылдарға созылған адасу болды. Бірақ мен ол туралы қазір ашық айтуға дайын емеспін. Сол кезде анама ауыр болғанын түсіндім», - дейді Дастан Оразбеков.