$499.11 €521.12 ₽5.58
×

Батыс Қазақстанда субсидияға бөлінген 12 млн теңге мақсатсыз жұмсалған

AstanaTV
04.03.2025ж. 14:58
90
Батыс Қазақстанда субсидияға бөлінген 12 млн теңге мақсатсыз жұмсалған
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының прокуратурасы субсидия беру кезінде 12 миллион теңгеге жуық бюджет қаражаты теріс пайдаланылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2023 жылы 11 935 000 теңгеге субсидияланған 1 154 бас малдың сақталу мерзімі қамтамасыз етілмей, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорынан есептен шығарылғаны анықталды.

Мысалы, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 04.05.2023ж. 383 асыл тұқымды ірі қараға 3 830 000 теңге көлемінде субсидия алып, оларды бір жылдың ішінде дерекқордың есебінен шығарған.

Ал 15.03.2019ж. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес мал басының жыл бойы сақталуы (мал шығынының зоотехникалық нормасын қоспағанда) қамтамасыз етілуі міндеттелген.

Осының салдарынан мемлекетке 11 935 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді.

Заңды бұзу фактілері бойынша құзыретті органға тиісті қадағалау актісі енгізілді, қарау сатысында.