$499.11 €521.12 ₽5.58
×

Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей Әзірбайжанға өтемақы төледі

AstanaTV
04.03.2025ж. 15:17
87
Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей Әзірбайжанға өтемақы төледі
Фото: Orda.kz

Өткен жылдың желтоқсан айында болған Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты ресейлік сақтандыру компаниясы Azal әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы үшін өтемақыны толығымен төледі, деп хабарлайды Orda.kz.

Сондай-ақ ресейлік компания мерт болған және аман қалған жолаушыларға төлем төлеуді бастады. Бұл туралы компания бас директорының авиациялық және ғарыштық сақтандыру жөніндегі орынбасары Илья Кабачник мәлімдеді.

«Ұшақ үшін төлем ақпан айында толық көлемде жасалды», деді ол.

Алайда өтемақы мөлшері қанша болғаны айтылмады. Сарапшылардың пікірінше, бұл шамамен 25-30 миллион доллар болуы мүмкін.