$499.11 €521.12 ₽5.58
×

"Көлігімнің нөмірін жаттап ал": Жылдамдық асырған қымбат көлік жүргізушісіне айыппұл салынбаған

AstanaTV
04.03.2025ж. 16:12
96
"Көлігімнің нөмірін жаттап ал": Жылдамдық асырған қымбат көлік жүргізушісіне айыппұл салынбаған
Фото: www.ng.kz

Қостанай облысында Қостанай – Әулиекөл – Сұрған трассасында инспекторлардың Lexus көлігін тоқтату дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде патрульдік қызметтің жылдамдықты асырған Lexus көлігін тоқтатқаны туралы бейнежазба пайда болды. Көлік жүргізуші өзінің 11 жыл бойы жол полициясында жұмыс істегенін айтып сендірген. Осылайша құзырлы мекеме қызметкерлері оны босатып жіберген. Оқиға 4 ақпан күні болған.

"Нөмірді есте сақта, үйрен!", - деді көлік жүргізуші.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушіні жауапкершілікке тартпаған екі инспектор қызметінен босатылды. Көлік тізгіндеген ер адам Қостанай облыстық ІІМ академиясының магистратурасында оқитын болып шықты.

"Жүргізушіге қатысты қатаң жауапкершілік, тіпті оқудан шығару мәселесі тексеру нәтижелері бойынша қаралатын болады", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.