$499.74 €525.23 ₽5.6
×

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

AstanaTV
04.03.2025ж. 20:00
121
Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

Түркістан облысында ирригация нысандарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүреді. Ол үшін Ислам даму банкінен 24 жобаға 136 миллиардқа жуық қаражат мақұлданған. Бұл туралы Президент қабылдауында болған облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді. Ол Түркістан қаласын және жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп, «Боралдай» су қоймасының жобасы әзірленіп жатқанын айтты. Сонымен қатар биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Облыста жүзеге асып жатқан шағын өнеркәсіп паркі жобасы аясында алдағы уақытта 29 жобаны іске қосу көзделіп отыр. Мемлекет басшысы өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осы бағытта біңзге берілген міндеттерді орындау бойынша  белсенді жұмыс атқаратын боламыз.


Б. Сатуов