Тозығы жеткен теміржол вокзалдары еліміздің беделіне нұқсан келтіреді. Қазір 5 вокзал ғана реконструкциялау жұмыстарынан өткен. Қалғандарының сапасы сын көтермейді. Олқылықтың орнын толтыру үшін көлік министрлігі биыл 53 теміржол вокзалын жөндеуден өткізеді. Қазір бұл жобаларды қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында халықаралық қаржы институттарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ведомства басшысы сәуір айында құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланғанын айтты.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Бұл өте маңызды, еліміздің имиджіне, беделіне өте әсер ететін мәселе. Сондықтан оны биыл аяқтау қажет, тиісті қаржыландыру қажет.
С. Оралбеков