$499.74 €525.23 ₽5.6
×

Талдықорғанда көлікке орнатылған газ жарылды

AstanaTV
04.03.2025ж. 20:00
51
Талдықорғанда көлікке орнатылған газ жарылды

Талдықорғанда көлікке орнатылған газ қондырғысы жарылды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда жартылай қираған жеке тұрғын үй мен оның аумағында орналасқан шаруашылық құрылыстарын көруге болады. Көлік гаражда тұрған. Оқиға салдарынан 40 жастағы тұрғын жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

ДАНИЯР АЙТҚҰЛҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Гараж ішіндегі автокөліктің газ жарқылы орын алу салдарынан қосымша салынған ғимараты зардап шекті және бір адам оқиға орнынан жедел жәрдем қызметкерлерімен оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді.


Ж. Түзелбай