Алматыда кәсіпкерден пара алған мемлекеттік қызметкер 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Кажинаула аумақтарын санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесу сылтауымен жергілікті кәсіпкердің 19,5 млн теңге көлемінде қаражатын қалтасына басқан.
ДАНИЯР БИҒАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Кажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен мемлекет кірісіне айналатын жалпы сомасы 21 млн теңгеден астам екі автокөлік құралы түріндегі мүлкі тәркіленді.
А. Шалқар