Ақтөбе облысында ата-ананың қарауынсыз түнде көше кезген 13 жасөспірім анықталды. Балалардың беймезгіл уақытта жүруін тоқтату, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдерімен арнайы рейд ұйымдастырды. Қазір «Қауіпсіз қала» жобасы республиканың барлық аумағында өтуде.
Ақтөбеде рейд кезінде ішімдік ішкен қасында жасөспірім қызы бар ана ұсталды. Ол түнде кафеге баласын ертіп апарғаны үшін полиция бөліміне жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ компьютерлік клубта бесінші сынып оқушы 18 жастағы ағасымен ойын ойнап отырған жерінен ұсталды. Тәртіп сақшылары балалардың ата-анасы мен компьютерлік клуб әкімшілігіне айыппұл салды.
АЙДОС ҚҰЛЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖПБ БАСТЫҒЫ:
Жыл басынан бері 13 факті анықталды. Бұндай жағдайда жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жазаға тартып жатырмыз. Үш айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады. Көңіл көтеру орталықтары иелеріне 10 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салудамыз.
Жыл басынан бері мезгілсіз уақытта балаларын қараусыз қалдырған 457 ата-ана жауапкершілікке тартылған. Жетпіс жасөспірім ішкі істер органының есебіне алынды.
ӘЛІШЕР ТЫНЫШТЫҚ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Қауіпсіз қала» акциясы жалпы Жастар рухы жастар қанатымен ұзақ жылдар бойы жүзеге асырылып келеді. Бұл акция асында біздің бірнеше бағыттарымыз бар. Солардың бірі бүгін өткізіліп отырған рейд жұмыстары. Белгіленген уақыттан тыс жастардың түнгі уақытта рейд жүргізетін боламыз. Жалпы бұл акция бір реттік емес.
Өскемен қаласында өткен рейдке 60-тан астам полиция қызметкері қатысты. Партия мүшелері «Қауіпсіз қала» жобасы қолға алынғалы қалада қылмыс азайғанын айтады. Бұл жолы бірнеше сағатқа созылған рейдте ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ.
ЗОЯ НОВОВЛОДСКАЯ, ШҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әрбір адам болашақ ұрпаққа жауапты. Сала мамандары кез келген жасқа ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіндіру қажет. Қазір осындай түнгі рейдтер кезінде кәсіпкерлер де, көңіл көтеруге келген қонақтар да тексеру жұмыстарына түсіністікпен қарайтын болған. Бұл бізді қуантады.
Ал Павлодарда 98 бала түнгі уақытта көшеде серуендеген. Рейд барысында ойын клубтарында балалардың көптігі байқалды. Тек түнгі сағат 10-00 болмағандықтан, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
МЕРҒАЛИ ЖҮСІП, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Қауіпсіз қала» жобасы қаланың қауіпсіздігін арттыруға және жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға, ықпалын көтеруге көмектеседі деп ойлаймын. Біз бүгін профилактика ретінде ескертулер жасадық. Келесі біздің рейдіміз оннан кейін тек ескертумен ғана шектелмейтін болады.
Заң бойынша түнгі сағат оннан кейін кәмелет жасына толмаған балалардың ата-анасыз жүруіне тыйым салынған. Павлодарда мұны елемеген 98 заңды өкіл әкімшілік жауапгершілікке тартылды.
Д. Жақсыбай