Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында тұрмыс құруға ұсыныс жасалып, келісім бергенін айтып, сүйінші сұраған болатын, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«She said Yesss», – делінген жазбада.
Оның болашақ жұбайы – Жәнібек Ерболатұлы. Алматы қаласында тұратын кәсіпкер, жеке парақшасындағы ақпаратқа сенсек, көліктерді жалға беру мен қымыз сатумен айналысады.
Желі қолданушылары мұндай жаңалыққа қуанып, оны құттықтап жатыр.
«Ерке Есмахан қуанған шығар. Наргизден Раимды қызғанады ғой», «Оның бақытын бүкіл Қазақстан күтті», «Наргиздің өз бақытын тапқанына қуанамын», – деп жазады пікір білдірушілер.