$499.74 €525.23 ₽5.6
×

Ақтөбе облысында мұз жару жұмыстары басталды

AstanaTV
04.03.2025ж. 20:00
67
Ақтөбе облысында мұз жару жұмыстары басталды

Ақтөбе облысында мұз жару жару жұмыстары басталды. Ол қалада Елек өзенінің екі жерінде және облыстың сегіз ауданында  жүзеге асырылады. 22 орын анықталған. Су басу қаупі жоғары аудандардан қар шығару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаланың жеке секторынан 20 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қар тазалау, бөгеттерді бекіту шаралары қарқынды жүруде. Биыл әдеттегіден үш есе көп қар түсіп, жердегі тоң жылдағыдан шамамен екі есе қалың.  

АЙБАТ ЖАНАБЕРГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қала бойынша белгіленген жерлерде осы мұз қатуы тоңы болады. Соған байланысты осы мамандарды арнайы  шақыртып алдын ала келіп зерттеп, қарап мұз жару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұз жару жұмысы Елек өзені бойынша Гринленд базасында болып отыр. Бұл өз кезегінде мұз жарған кезде судың ағуына кедергісіз өтуіне көмек беретін болады.


Б. Рақметова