$544.87 €639.02 ₽6.88
×

"Қызылорда-Жезқазған" жолын салған жүк көлігінің жүргізушілері жалақыларын ала алмай жүр

AstanaTV
04.03.2025ж. 20:00
310
"Қызылорда-Жезқазған" жолын салған жүк көлігінің жүргізушілері жалақыларын ала алмай жүр

"Қызылорда-Жезқазған" республикалық маңызы бар тас жол құрылысына атсалысқан жүк көлігінің жүргізушілері жалақыларын ала алмай жүр. Айтуларынша, бас мердігер 2 тасмалдаушы компаниямен келісімшартқа отырған. Соның негізінде 300-ге жуық жүргізуші қиыршық тас жеткізумен айналысқан. Енді жалақыларын ала алмай сергелдеңге түсіп жүр.

3 айдан бері қолдарына бақыр тиын да тимеген жүргізушілер бүгін ашулы. Құрғақ уәденің орындалуын күте-күте шыдамымыз шегіне жетті дейді. Айтуларынша, олар қытайлық мердігермен жасалған келісімшартқа сеніп, бір тиынсыз жұмыс істеген. Жеме-жемге келгенде мәселе созбалаңға салынды дейді.
 
СЕРІК ПЕРНЕШОВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Кредитті кредитпен төлеп жатқан жағдайымыз бар. біздің бала-шағамыз бар әрқайсымыздың отбасымызда. Ол балалардың киімі бар дегендей. Қазір шындығына келгенде қиналып кеттік. Әр доңғалағының өзін 130-140 мыңнан алып саламын. Әр бұзылғанда, бір ремонтының өзіне млндай ақша кетеді.


Бас мердігер қытайлық “Лунцзян” компаниясы. Қазір онымен келісімшартқа отырған қос мекеменің өкілдері де шарасыз күйде отырмыз дейді. Айтуларынша оларға шетелдік компанияның  800 млн теңгеден аса берешегі бар.

ЕРТАЙ ЕРМЕКБАЙ, КӘСІПКЕР:

Тапсырыс беруші Қытай компаниясының әне-міне деген әңгімесіне тойып келе жатырмыз осы уақытқа дейін. Жұмыс толықтай тоқтап тұр 11-12 ақпан айынан бастап жұмыс жоқтады. Өйткені бұлардың ақшаны ертең ертеңмен қашан  беретіндері нақтылық болмай белгісіз болып кетті.


Ал бас мердігер қазір қаржылық қиындықтарға тап болдық деп отыр.

ВАН Ю Э ВЕН, “ЛУНЦЗЯН” КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Құрылтайшыларымыз Қытайда. Олар жақын арада ақша аударулары керек болатын. Қазір ол жақта келіссөздер жасалып, мәселе жан-жақты талқыланып жатыр. Бұл бір адамның ғана шешетін мәселесі емес. Ал нақты қанша қарызымыз барын  есепшілеріміз айтады.

«Қызылорда-Жезқазған» күрежолының құрылысына 3 қытайлық және 1 жергілікті компания атсалысуда.  Олардың бірінен шу шыққанын тапсырыс беруші «Қазавтожол» ұлттық компаниясы бір апта бұрын ғана білдік дейді.

ЕРСАЙЫН МҰЗАФАР, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ АҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бір топ инженерлердің қарауынан өткеннен кейін жұмыстың сапасы, құны тексеріледі. Ешқандай ескерту, ақау болмаған жағдайда бізге дайын қабылданған инженермен төлем сертификатын алып келеді. Бір күннің ішінде қарап, төлемге жібереміз. 20 күннің ішінде төлемі түскеннен кейін тасымалдаушы жігіттердің шопырлардың қарыз айлықтарын тодықтай немесе ішінара жауып беруге тырысамыз.


Шетелдік компанияның қарызды қалай және қашан қайтаратыны әлі нақты белгісіз.  Ал жүргізушілер мәселе шешілмесе құзырлы орындарындарға жүгінбек.

М. Тоқтасынқызы