Тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жалға алған жастар «Отбасы банкінің» бағдарламаларына қатыса алады. 5 жылдан бері жалға берілетін пәтерде тұрған азаматтар үйлі бола бастады. Баспаналы болғандардың бірі Мерей Ақпарова "Отбасы банк" ұсынған арзан пәтерді жалға алып, отбасымен бірге ақша жинаған. Олар алғашқы жарна 10 пайызды төлеп, "Елорда жастары" бағдарламасы арқылы үй алды.
МЕРЕЙ АҚПАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Ақша үнемделді, өйткені айына 6500 теңге ғана "Отбасыға" жинауға кедергі келтірген жоқ, жақсы көмек берді. Бізге вторичкадан да, первичкадан да алуға болады деді. Біз вторичканы қарадық, өйткені ремонт жасамай, сразу орналасатындай, өйткені уақыты да келді арендалық үйдің.
2019 жылы жұмысшы жастарға сатып алу мүмкіндігінсіз 5 жылға арзан бағамен жалдамалы пәтерлер берілген. Енді олар "Елорда жастары" бағдарламасы арқылы 5 пайыздық мөлшерлемемен 20 миллион теңгеге дейін үй ала алады. Қажетті алғашқы жарна - 10 процент. Сондай-ақ "Наурыз", "Наурыз жұмыскер" бағдарламаларына да қатысады.
ДАРИЯ БАТЕНОВА, "ОТБАСЫ БАНК" АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Елорда жастары" 20 жылға дейін беріледі, 19-20 жылға дейін беріледі, ол өзінің кірісіне қарай дәлелдеп ала береді. "Наурыз" бағдарламасының талаптарының талаптарына келіп кетсек білесіз, бастапқы жарна 10 немесе 20 пайыз болады. 10 пайыз болған уақытта ол таза әрленген үйден болса алуға болады, 20 пайызбен ол қара әрленген, әрленбеген дейді ғой, черновой отделки, сонымен алуға болады.
А. Салдатбек