$499.74 €525.23 ₽5.6
×

Шымкентте «Bir Tolqynda: Жұмысшы мамандықтар - жаңа мүмкіндіктер» форумы өтті

AstanaTV
04.03.2025ж. 20:00
73
Шымкентте «Bir Tolqynda: Жұмысшы мамандықтар - жаңа мүмкіндіктер» форумы өтті

Шымкентте былтыр жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5%-ке төмендеген. Жұмысшы жастарға қазір  мүмкіндік  көп. Соңғы 5 жылда IT, инженерия және өндірістік мамандықтар бойынша жұмыс орындары 15%-ға артқан. «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған «Bir Tolqynda: Жұмысшы мамандықтар - жаңа мүмкіндіктер» форумына   1000-нан астам жас қатысты. Олар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ жастар   Оңтүстік индустриалды аймағындағы ірі кәсіпорындарды аралады.

ӘДІЛЕТ ЕСЕНБАЙ, М.ӘУЕЗОВ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:
 

Әр мамандықтың өзінің түрлі қилы қиындығы да, қызығы да болады. Сол нәрселердің барлығын өзімнің басымнан өткізбесем мен ол корпорацияға, ол мамандыққа, ол жерге мен  қалай басшы болып барам?! Өйткені ол жолды мен өзім таңдадым. Және ол жолды өзім терең зерттеуім керек. Және зерттеу арқылы ғана мен сол мамандықта өсе алам жоғары қарай.    


«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы  Мұрат Жолдыхожаевтың айтуынша,  бірқатар шараларды қамтыған форум жастардың әлеуетін көтеруге, бастамаларын дамытуға және жаңа бағыттарға жол сілтеуге арналды. Сонымен қатар осы жиында жұмысшы мамандықтар иелері  де өз кәсіптері жайында сөз қозғады.

БЕКЗАТ ТӨЛЕБАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Форумды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз –осы жылдан бастап біз осы жұмысшы мамандықтарының статусын көтеріп, жастар арасында техникалық, кәсіптік бағыттағы мамандықтардың жұмыстарын насихаттап, барынша  жастарды көбінесе осы бағыттарға тартқымыз келеді.


А. Төребекқызы