$499.74 €525.23 ₽5.6
×

Жамбыл облысында тазалық шарасына 10 мың адам қатысады

AstanaTV
04.03.2025ж. 20:00
74
Жамбыл облысында тазалық шарасына 10 мың адам қатысады

Әулие ата өңірінде биыл «Таза Қазақстан» акциясы өткен жылғыдан да қатты қарқын алмақ. Айналамызды таза ұстап, қоршаған ортада қоқыс қалдырмаймыз деген еріктілердің саны 10 мыңға жуықтады. Оның дені- жастар.  150 шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.  Көктемгі дала жұмыстарын шағын аудандардан бастамақ.   Қоғамдық орындар мен тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы тазартылады.  Арық -атыздар аршылады.  Жастар  биыл эковолонтерлардың қатысуымен облыс бойынша 200 мың көшет егуді де жоспарлап отыр.

ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЖОФ ТӨРАҒАСЫ:

«Жасыл ел» еңбек жасағына биыл 2 мыңға жуық жас тартылады. Сонымен қатар енді ерікті жастар, жастар ұйымдарымен бірлесе 10 мыңға дейін жастардың санын арттыру жоспарда бар. Тек қана мынау табиғатты, айналаны таза ұстау емес, олардың жаны, тәнінің таза болуына осындай жобалар арқылы үлес қосатынымызға сенеміз.


Б. Жұмабайұлы