$499.74 €525.23 ₽5.6
×

«Жылаған дауысы естілді:» Семейде 7 жастағы қыз өртенген үй ішінде қалып қойған

AstanaTV
04.03.2025ж. 22:28
67
«Жылаған дауысы естілді:» Семейде 7 жастағы қыз өртенген үй ішінде қалып қойған
Фото: видеодан скрин

Өрт сөндірушілер 7 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін Семей қаласында В. Терешкова көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер түтіннің екінші қабаттағы пәтерден таралып жатқанын анықтаған.

«Баланың жылаған дауысы естілген пәтердің есігін ешкім ашқан жоқ. Бала көміртегі тотығымен дем алса, салдары қайғылы болатындықұтан әр секунды маңызды екенін білетін құтқарушылар темір есікті ашуға кететін уақытты жоғалтпай, терезеге қарай ұмтылды. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Қалитов Болат жанып жатқан пәтердің терезесіне үш иінді сатымен көтеріліп, қорыққан баланы тауып, таза ауаға шығарды», - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Үйде ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған 2017 жылы туған қыз оған қажетті медициналық көмек көрсетілуі үшін "103" қызметінің бригадасына табысталды.