Актриса Айгүл Иманбаева құдалық тойдан алған сыйлықтарын көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол әнші Ақбота Керімбекованың ұлының тойына барған.
“Мен Ақбота Керімбекованың үйінде байлықтың астында малынып отырмын. Құдалардан сыйлық, Мәдөктен сыйлық дегендей. Ақботаның аты – Мәдөк! Халқым, біліп жүріңіздер. Не болса да, сыйлықтың астында көміліп, тіпті, өзімнің бриллиантым ойнамай қалды", – дейді өнер иесі.
Ақбота Керімбекова қуанышын бөлісіп, көпшілікке алғыс айтқан еді.
“Қасиетті Рамазан айында шаңырағыма жақсылығын берген Аллама сансыз шүкір деймін. Әрбір ата-ананың арманы – ұл-қызының бақытын көру. Сіздерге де шын жүрегімнен сол бақытты тілеймін. Тілеп жатқан тілек-дұғаларыңызға мың алғыс! Алла разы болсын! Еліміз аман болғай! Жақсылығымды бөліскен барша жақындарыма алғыс айтамын! Бақыттың назарында болғайсыздар!”, – деген еді әнші.