$496.71 €531.33 ₽5.55
×

Қазақстан халқының неше пайызы үйінде қару ұстайды

AstanaTV
05.03.2025ж. 18:34
64
Қазақстан халқының неше пайызы үйінде қару ұстайды

Қазақстанда 200 мыңнан астам азаматтық қару иесі тіркеуде тұр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта айтылған.

- Қазіргі уақытта елімізде 200 мыңнан астам азаматтық қару иелері тіркелген. 2024 жылы қаруды иеленуге шамамен 1 мыңнан астам қару иелерінің рұқсаттары тоқтатылып, күшін жойған.

Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа толған аңшы куәлігі бар азаматтары аңшылық қаруды сатып алу құқығы бар, - деп жазылған жауапта.

Бұл 20 миллионнан астам адамның 1 пайызы деген сөз. Азаматтық қару иелерінің ең көбі Алматы, Астана қаласында, Алматы және Қарағанды облыстарында тіркелген.

- Қару азаматтық айналымда пайдалану мақсатына (өзін-өзі қорғау, спортпен айналысу және аң аулау үшін сәйкес бөлінеді). Қаруды сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдары берген рұқсат негіз болып табылады, - делінген ІІМ мәліметінде.