Елордада «АМАNАТ» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты жылу электр орталығында еңбек ететін аруларды 8-ші наурыз мерекесімен құттықтады. Шарада нәзік жандыларға құрмет көрсетіліп, олардың еңбек жолы мен жетістіктері айтылды. Сондай-ақ жұмысшы әйелдердің қоғамдағы орны мен маңызы айтылып, еңбекқорлығы мен табандылығы үшін арнайы сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар жұмысшы мамандықтар саласындағы әйелдердің еңбек жолына деген құрметті арттыру және олардың жұмысқа деген адалдығы мен кәсіби біліктілігін насихаттау басты міндетіміз – дейді.
АҚЕРКЕ ЕСКЕНДІРОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жалпы осындай шаралар бүкіл ел бойынша біздің барлық облыстарда жүргізіліп жатыр. Енді басты мақсаты әрине әйелдерге мерекелік көңіл-күй сыйлау сонымен қатар Президент айтып өткендей біздің партияның басты назарында жұмысшы мамандықтар.